Брокераж комиссиясының тексеру қорытындысы
2019-2020 оқу жылындағы №36 орта мектебінде тамақтандыруды
ұйымдастыру сапасы бойынша ІІ-тоқсанда жүргізілген мониторинг қорытындысы.
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.
Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:
- адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;
- осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;
- адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.
Мектепте тұрақты түрде білім алушыларды тамақтандыру барысында қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізледі, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.
Мектеп медбикелері жеткізілетін өнімдерді қадағалайды, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.
Мектепте білім алушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Мектеп әкімшілігі мен медбикелердің айрықша бақылауымен Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары және тұл жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тамақтандырылады. Бастауыш сыныптарда тегін тамақтандырумен қамту 20,7 %, ал орта буын және жоғары сыныптарда 19,3 % құрайды. Бір реттік ыстық тамақтың құны 2019 жылдан бастап мектептегі бір реттік ыстық тамақтың құны 450 теңгені құрап отыр. Мектеп асханасында 5-күндік болжам менюі бар, ас мәзірінің кестесі мектеп басшысымен бекітілген, кестеде тамақ салмағы көрсетілген, ас мәзірі құрамында: ет, сүт тағамдары, балық, ірімшік, шырын, кондитерлік тағамдар, нан тағамдары, жемістерден жасалған салаттар, жеміс-жидектер және түрлі тәтті тағамдар болады.
Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары, оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізіледі.
Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады. Тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру, биология және технология пәндері бойынша оқу бағдарламаларының жоспарына тамақтану мәдениеті туралы сауалдарды қосу және т.б. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады, мектептің медициналық қызметкерлері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.
№36 орта мектептегі оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:
- әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;
- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;
- мектептің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;
- қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;
- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.
Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылған, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітілген. Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.
Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын анықтама, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасын тексеру актісі) негізінде қабылдайды.
Тегін тамақты келесі санаттарға жататын отбасылардың балалары алады:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар-155;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алMayтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар -145;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар – 0;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар - 0;
5) Бесінші санатқа (өзге де санаттарына) жататын отбасылардан шыққан балалар – 105.
Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мектепте оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерінің шешімін табу үшін оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы құрылған. Бракераж комиссиясының құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілігі, медициналық қызметкерлер.
Комиссияның міндеттері:
- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) бақылауды жүзеге асыру;
- тамақтандыру кәсіпорнымен қызмет көрсету бойынша жасалған келісім-шарт талаптарының сақталуын қоғамдық қадағалау;
- оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
- оқушылар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;
- комиссияның жұмыс жоспарын жасау, оны мектептің әкімшілігімен келісу.
№36 орта мектептегі тамақтануды ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы өндірістік қадағалауды ұйымдастырады.
Өндірістік бақылау міндеттері:
- қосалқы құжаттардың рәсімделу дұрыстығы, тағам өнімдерінің таңбалану дұрыстығы;
- өнімдер сапасы мен қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері;
- асхана блогындағы сәйкес құжаттамаларды жүргізу толықтығы, дұрыстығы және рәсімделуі;
- шикізат пен дайын өнімнің тоғыспалы арналарының болуы;
- ыдыстарды жуу сапасы;
- тағамдарды сақтау шарттары мен мерзімі;
- тоңазытқыш пен технологиялық құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі;
- жеке гигиенаның сақталуын және қажетті тексерістерден уақытылы өтуді қадағалау;
- залалсыздандыру шаралары және т.б.
Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған.
Мектепте екі бракераж журналы жүргізіледі: шикі өнім бракеражы және дайын өнім бракеражы. Бұдан басқа комиссия тамақтандыру кәсіпорны мен мектеп асханасы арасындағы белсенді байланыстырушы рөлінде болады. Брокераж комиссиясы жұмысындағы міндеттерінің бірі тамақтануды санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып ұйымдастырылады, сонымен қатар, оқушыларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау болып табылады. Брокераж комиссиясы мектеп әкімшілігі мен мектептік-базалық тамақтандыру комбинаты арасындағы байланыстырушы болып отырады. Комиссия жұмысының міндеттеріне салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады.
Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанПИН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар комитетінің және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылған.
Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бастауыш сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды. Тамақтану блогы түрі – асхана. Отыратын орындар саны 100 орындық. Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізіледі.
Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Оқу жылы ішінде ас мәзірінде балғын көкөністер болады. Тамақтану блогындағы жұмыскерлердің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді. Мектепте ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар буфет жұмыс жасайды. Мұнда әр түрлі пісірілген тағамдар мен жеміс шырындары сатылады.
Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кесірінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орындар бар.
Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті асхананың аспазшылары оған аса мән береді. Асханада houseжағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:
- әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
- оқушыларға салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;
Аталмыш міндеттердің шешімін табу үшін бірқатар қызметкерлер жұмылдырылған, олар ең алдымен асхана жұмыскерлері болып табылады.
Мектеп асханасын жалға алушы Калима Дельфуза Салимқызы (бас аспазшы), Мұхамедшарипова Гүлмира Ерикқызы(ыдыс жуушы), Изембаева Галима Ерманқызы (аспазшының көмекшісі). Әр айдың соңғы күнінде мектеп оқушыларының тамақтануы бойынша табель жасалып, «Дәмді тамақтар» бухгалтериясына әлеуметтік педагог С.М.Абдированың жаупкершілігімен тапсырылады.
Мектептің асханасында 1-10 сыныптардағы білім алушылар ІІ-тоқсан бойынша 405 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Асхана қызметкерлері тамақты ас мәзіріне сай әзірлейді, білім алушылардың асханада берілетін тамаққа ешқандай шағымдары болған емес.
Ұсыныс:
1. Мектеп асханасында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақпен дұрыс және уақытылы тамақтануы үнемі әлеуметтік педагог С.М.Абдирова қадағаласын.
2. Мектеп оқушыларының бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы сынып жетекшілердің басты назарында болсын.
3. Мектеп асханасында берілетін тегін ыстық тамақпен қамтылған білім алушылардың асханаға келмеуіне байланысты орнына басқа білім алушының тамақтануына қатаң тыйым салынсын.
Мектеп директоры: Г.Е.Абдрешева
Анықтаманы дайындаған: С.М.Абдирова