12
наурыз
2024
«Қазақ тілі» пәнінен өтетін аралық емтихан бойынша
ҚР Білім және ғылым министрінің №125 (18.03.2008 ж) бұйрығына өзгеріс енгізіліп 2023-2024 оқу жылынан бастап 5-8,10 сыныптардың оқушылары «Қазақ тілі» пәнінен емтихан тапсыратын болды. Осыған байланысты 2024 жылдың 12 наурызы күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.О.Мухамедкулова қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және 5-8,10 сынып жетекшілерімен «Қазақ тілі» пәнінен өтетін аралық емтихан бойынша әдістемелік ұсынымдарын түсіндіру жұмысын жүргізді. Сынып жетекшілерге:
✅Әр сыныпта ата-аналармен жиналыстар өткізу, талқылау, хаттамалау
✅Емтихан күндерін нақтылау;
✅Емтихан тапсыру бойынша 5-8,10 сынып білім алушыларымен дайындық жұмыстары ұйымдастырылатыны туралы ескертіп өтті.
https://www.facebook.com/100027572871001/posts/pfbid02ouyGz7q12sAnoygAx83w2H6QYGfxxoZEKKTfr2exvaaitjpUUGLvAdHUwjpv3FYgl/