19
қазан
2023
«Қорытынды аттестаттау ережесі мен ұйымдастырылуы» туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді
19 қазан күні негізгі пән мұғалімдері мен 9 сынып оқушыларына «Қорытынды аттестаттау ережесі мен ұйымдастырылуы» туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сонымен бірге білім сапасын арттыру мен қорытынды аттестаттауға дайындықты жүргізу мақсатында оқушыларға қосымша сабақтар кестесі бекітілгендігі және сол кестеге сәйкес сабақтар жүргізілетіндігі туралы мәлімет берілді.
- Ал пән мұғалімдеріне:
- қорытынды аттестаттауға дайындық жоспарларын құрып, сапалы қосымша сабақтар өткізу
- төмендегі пәндер бойынша ай сайын оқушылардан бақылау (жазбаша) жұмыстарын алып, сараптамасын оқу ісі жөніндегі орынбасарға өткізу:
- қазақ тілі бойынша эссе,
- математика (алгебра) бойынша бақылау,
- орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау)
- таңдау пәндері
- алынған бақылаудан соң міндетті түрде қатемен жұмыс жүргізу тапсырылды.
- Мектеп әкімшілігіне:
- тоқсанына 1 рет жоғарыда аталған пәндерден жазбаша жұмыстар алып сараптамасын жасау
- алынған бақылау қорытындылары ата аналарға таныстыру туралы тапсырма берілді.