Дарынды тану және оны дамыту мәселелері
Дарынды тану және оны дамыту мәселелері
2017-2018 оқу жылына арналған
жұмыс жоспары
Мақсаты: дарынды балаларды анықтау, оқушылардың ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере, олардың шығармашылық дамуына мүмкіндік жасау.
Міндеттері:
Балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады.
Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет.
Дарынды оқушылардың шығармашылығын насмхаттау, жариялау.
|
№ |
Жұмыстың тақырыбы |
мерзімі |
орындаушы |
Бақылау кезеңі |
1. |
Зерттеу: - сынып оқушыларының білім деңгейі көтеріледі; - психологтар тарапынан тест, тренингтер ұйымдастырылады; - отбасы жағдайы зерттеледі. |
Қыркүйек |
Пән мұғалімдері, психолог, ата-аналар |
2. |
Нәтижемен жұмыс: - дарындылықтың түрлерін анықтап білу; - балаларды дарындылық түрлеріне қарай жіктеу немесе топтастыру; - ата-анамен жұмыс. |
Қыркүйек |
Пән мұғалімдері, психолог |
|
3. |
Дамыту жұмыстары: - бала біліміндегі кемшін тұстарын анықтап, толықтыру; - қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықтау; - бейімділіктері бойынша жұмыс тақырыптарын белгілеу; - әңгімелесу-түзету (коррекциялау) жұмыстары. |
Қазан |
Пән мұғалімдері, психолог |
|
Практикалық кезең |
4. |
Жұмыстың жүргізілу барысы: - тапсырма-күнделігін толтыру; - оқушының жұмысын жүйелі тексеру, көмек көрсету; - коррекциялық жұмыс. |
Қараша |
Пән мұғалімдері, психолог |
5. |
Оқушыларды: - мектепішілік байқауға қатыстыру; - аудандық байқауға қатыстыру; - мектепішілік конференция, жобалар жарысы, пікірсайыстар өткізу; - түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаға қатыстыру; - өзіндік рефлексия, тренингтер. |
Желтоқсан-ақпан |
Пән мұғалімдері, тәлімгер, әдіскер |
|
Қорытынды |
6. |
Нәтижесін жариялау, жарыққа шығару, презентациялау: - ақпарат құралдарының көмегімен жариялау; - облыстық деңгейдегі байқауларға жеңімпаздарды ұсыну; - «Жас ғалым» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына, түрлі деңгейдегі форумдарға қатыстыру. |
Наурыз-сәуір |
Пән мұғалімдері, психолог, әкімшілік |
7. |
Мектепішілік жалпы қорытынды: - диагностикалау; - мониторингілеу; - оқушылардың шығармашылық есебі; - жазғы тапсырма беру. |
Мамыр |
Пән мұғалімдері, психолог, ата-аналар, әкімшілік |