"парасат" өзін-өзі басқару ұйымы » СШ №36
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№36 орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7262) 34-93-83
bookkeeping:
+7(7262) 34-93-83
Version for
visually impaired
» » "парасат" өзін-өзі басқару ұйымы
07
ақпан
2018

"парасат" өзін-өзі басқару ұйымы

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №36 орта мектебі» КММ
080007, Тараз қаласы, «Ақбұлақ» (1) мөлтек ауданы, №31 үй, тел: 34-93-83, Taraz-36@rambler.ru






2017-2018 оқу жылы «Парасат»
өзін-өзі басқару ұйымының
І жартыжылдығында жүргізген
жұмыстарының сараптамасы


2017-2018 оқу жылының желтоқсан айында «Парасат» ұйымының І жартыжылдықта жүргізілген жұмыстары зерделеніп, сараптама жасалынды. Еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет ғұрып, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін- өзі басқарту арқылы қалыптастыру мақсатында мектептегі тәрбиенің кешенді–мақсатты бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мектебімізде «Парасат» өзін – өзі басқару ұйымы құрылып, жұмыс істеуде. «Парасат» өзін –өзі басқару ұйымының міндеті:
1. Мектеп оқушыларын біріңғай өзін-өзі басқара алатын, өзіне-өзі сенімді тұлға болуға тәрбиелеу.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге, мектеп ережесінің талаптарын бұлжытпай орындауға үйрету.
3. Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Жоспарға сәйкес іс-шаралар, ұйым мүшелерінің отырыстары, пікір – сайыстар, акциялар жүргізіліп отырылды. Атап айтқанда: ай сайын «Парасат» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің құрамын жинақтау кезекті отырыстары. Қыркүйек айындағы алғашқы отырыста педагог-ұйымдастырушы Мәден Сәуленің жоспарлауымен өтілді. Отырыста 2016-2017 оқу жылында атқарылған іс –шаралардың есебі беріліп, ұйым мүшелерімен талданды.

Отбасы күніне орай «Парасат» өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында пікір - сайыс өтілді. Пікір – сайыс мақсаты: балалардың «отбасы» , «қоғам», сыйластық» туралы түсініктерін кеңейту. Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру. Отбасында жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту.Пікір – сайыс соңында оқушылар бір – бірімен сұрақ алысып,жеңіске жеткен топ мадақтамамен марапатталды.

«Парасат»өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен интеллектуалды ойын өтілді. Интеллектуалды ойын мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Ойын 5 айналымнан тұрды. Ойын барысында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінен сұрақтар берілді.Оқушылар өздерінің теориялық білімдерін жақсы көрсете білді. Ойын соңында командалар ұпайы анықталып, үздік өнер көрсеткені үшін мадақтамамен марапатталды.

«Парасат»өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 25.09-2.10 аралығында «Қарттарым – асыл қазынам» атты қамқорлық акциясы өтті. Акцияның мақсаты мен міндеті: жасөспірімдерді адамгершілікке, мейірімділікке, сүйіспеншілікке және жанашырлыққа тәрбиелеу. Жалғыз басты қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, үйде оқытылатын балаларға өз еркімен шын көңілден қамқор көрсетуін қолдау және ынталандыру. Акцияға мектебіміздің 1-11сынып оқушылары толықтай қамтылды. Акция барысында азық –түлік, мектепке қажетті құралдар жиналды. Жиналған азық – түлік ҰОС ардагерлеріне табысталды.


Мектебімізде ұстаздар күніне орай ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы» атты тақырыпта 8 – 11 сынып оқушылар арасында сынып жетекшіге арнап қабырға қағазы байқауы өтті. Байқау мақсаты: сынып жетекшілерге арналған өз жылы лебіздерін қағаз бетіне түсіру. Schoolchildren ұстаз еңбегін , ұстаздық тәлім – тәрбие бағыттарын құрметтеуге, сыйлауға, бағалауға тәрбиелеу. Оқушының өзіндік қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін дамыту. Байқау барысында оқушылар сынып жетекшілеріне арнап тілек, алғыстарын плакаттарға әр түрлі түрде жеткізді.Атап айтсақ, 10 «Ә» сынып оқушылары ұстаздарының суретін салып, әр оқушы өз алғыстарын тілек арқылы білдірген, 8 «Ә» сынып оқушылары түрлі бояуларымен тілектерін көркем бейнелеген.

2017 жылдың қараша айының 20 күні «Парасат» өзін – өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 9 – 10 сыныптар арасында «Ғасыр – індетінен сақтанайық» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД – тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін,оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан – жақты меңгерту,зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана – сезімдерін дамыта түсу. Дөңгелек үстел сұхбат, әңгімелесу, пікірталас арқылы өтті.Оқушылар темекі, арақ, есірткі ұғымы туралы жалпы ойларын ортаға салды. Темекінің зияны туралы бейнебаян көрсетілді. Бейнебаян бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды.

Мектепішілік «Парасат» өзін –өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен қараша айының 20 – 25 күндері «Ең үздік сынып» сайысы өткізілді. Сайыс барысында педагог – ұйымдастырушы Мәден С қатысты. Байқауды «Парасат» ұйым мүшелері зерделеді. Байқау 3 талап бойынша зерделенді: сынып тазалығы, оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың мектеп ережесіне сай киінуі. Байқаудың қорытындысы бойынша «Ең үздік сынып» номинациясымен 10 «А» сынып оқушылары марапатталды.

2017 жылдың 12 желтоқсан күні «Парасат» өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен «Отаным - Қазақстан» атты патриоттық әндер байқауы болып өтті. Байқау мақсаты: Жас ұрпақ бойынан еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалптастыру.Өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Байқауға барлығы 7 үміткер, 6,7 сынып оқушылары қатысты.Байқау шарты бойынша үміткерлер «Отан», «Туған жер», «Қазақстан», «Елбасы» тақырыбында ән шырқады. Сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралды. Үміткерлер әндерін жанды дауыспен орындап, әділқазылар алқасымен бағаланып отырды. БАйқау нәтижесі : І-орын Нүкежан Мәди, Пернебек Кәусар иеленді.

22 желтоқсан күні «Парасат» өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің қатысуымен мектепішілік сынып тазалығын тексеру жұмыстары жасалды. Мектеп ішінде 5-7 сынып аралығында , яғни түскі ауысым бойынша жұмыс жүргізілді. Тексеру барысындағы орын алған қателіктерге ескерту берілді.
Желтоқсан айында «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» іс-шарасын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйым мүшелері мен «Парасат» өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен жаңа жылдық балмаскарад өтілді.
І жартыжылдықта атқарылған іс-шараларды саралай келе , жоспар бойынша барлық іс-шаралар атқарылды.
Шешімі:
1. «Парасат» өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы жандандырылып, оқушылардың қызығушылығына сай жүргізілсін.
2. «Парасат» өзін-өзі басқару ұйымына оқушылардың бой-бас тазалығы,оқу құралдары, сынып тазалығы, мектепке сай киім формасын үнемі бақылауда болуы қадағаласын.
3. «Парасат» өзін-өзі басқару ұйымының І жартыжылдықтағы жұмысы «жақсы» деп танылсын.

Орындаған: Мәден Сәуле Нұрмаханқызы




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив