2023 жылдың ҰБТ жаңалықтары » СШ №36
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№36 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-93-83
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-93-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023 жылдың ҰБТ жаңалықтары
25
қараша
2022

2023 жылдың ҰБТ жаңалықтары


Ағымдағы жылдың 22 қараша күні 11 сынып оқушыларымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Мухамедкулова 2023 жылдың ҰБТ жаңалықтарымен таныстырды. Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы қатаң сақталады. Компьютерлік экрандарда тестілеудің өзінде калькулятор, периодтық кесте және тұздардың ерігіштігі кестесі қолжетімді болатынын айтып өтті. Сонымен бірге Г.Орынбасарқызы пәндер саны да өзгермегендігін, бірақ «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша тест тапсырмаларының санына өзгерістер енгізілгенін түсіндірді. Енді «Қазақстан тарихының» бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады: бір дұрыс жауапты таңдаумен 10 тапсырма және контекст негізінде 10 тапсырма және бұрын талапкерлер «оқу сауаттылығы» бойынша 20 сұраққа жауап берсе, енді 3 мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы беріледі деді.         

Осылайша, Қазақстан тарихы бойынша – 20, оқу сауаттылығы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15 және екі бейінді пән бойынша 35 тапсырма беріледі. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты   4 сағатты (240 минут) құрайды. Айта кетсек, 2022-2023 оқу жылынан бастап ҰБТ бейіндік пәндер комбинацияларының тізбесіне «Информатика» пәні енгізілген, осыған байланысты «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша тапсыратынына тоқталды. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив