Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындық
2023 жылдың 13 желтоқсаны күні 11 сынып оқушылары мен ата-аналары және пән мұғалімдерімен біріккен қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындықтың штаб отырысы өткізілді. Мектеп директоры Г.Е.Абдрешева ата-аналарға бүгінгі күнге дейін әкімшілік тарапынан алынған 4 тест нәтижесінің қорытындысын пән бойынша салыстырмалы түрде талдап түсіндірді. Тест нәтижелері бойынша төмен балл жинаған оқушыларды тұрғызып, пән мұғалімдерінен оқушылардың дайындық деңгейлерін саралады. Ата-аналарына балаларының үйде дайындығын мен қосымшаға уақытылы келіп, пән мұғалімдерінің берген тапсырмаларын пән мұғалімдері күнделікті оқушының орындаған немесе орындамағанын жеке қадағалау мақсатында мектеп директорына мәлімет беріп отыру керектігін қатаң ескертті.
Қорытындылай келе, пән мұғалімдері мен ата-аналарға екі жақты қадағалау болғанда ғана жақсы нәтижеге жетуге болатындығын жеткізді. Ал пән мұғалімдеріне қосымша сабақтардың сапалы жүргізу керектігін айтып, оны қадағалауды ДОІЖО г.О.Мухамедкуловаға тапсырды.