25
қаңтар
2023
Тестілеуге алып өтуге тыйым салынған заттар тізімі таныстырылды
Ағымадағы оқу жылында 2023 жылдың 27 қаңтары мен 8 ақпан аралығында ақылы ҰБТ-ге барлық 14 оқушы да тіркелді. Соған орай, директорыдың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.О.Мухамедкулова тесттілеуге кіретін 11 сынып оқушыларына тестілеуге алып өтуге тыйым салынған заттар тізімімен таныстырды. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс екенін атап өтті. Металл іздегішпен тексеру аймағында тыйым салынған заттар табылған жағдайда тиісті акт жасалатындығын және тестілеуге жіберілмей шеттетілетіндігін баса ескертті. ҰБТ-ге тіркелу бойынша оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап берді.