15
наурыз
2025
15 Наурыз - Қайырымдылық күні!

🔹Мәдениет және ақпарат министрлігі әр күнге атау беріп, соған сай республика бойынша түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл он күннің әрқайсысының өзіне тән мағынасы мен ерекшелігі бар.
Сол күндердің ішінде:
15 Наурыз - Қайырымдылық күні деп аталып отыр. Бұл күні адамдардың бір-біріне көмектесу, жақсылық жасау, мейірімділік пен ізгілік көрсету мақсатында түрлі қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылады.
🔹 Қайырымдылық күні аясында мектебімізде жыл сайынғы дәстүр бойынша аз қамтылған және көпбалалы 5 отбасыға мектеп демеушілерінің көмегімен азық-түлік табысталды. Азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы біз балаларымызға және олардың отбасыларына көмек көрсетіп, қоғамдастыққа деген мейірімділік пен қолдау көрсеттік.