2023 жылдың UNT жаңалықтары
Ағымдағы жылдың 22 қараша күні 11 сынып оқушыларымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Мухамедкулова 2023 жылдың UNT жаңалықтарымен таныстырды. Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы қатаң сақталады. Компьютерлік экрандарда тестілеудің өзінде калькулятор, периодтық кесте және тұздардың ерігіштігі кестесі қолжетімді болатынын айтып өтті. Сонымен бірге Г.Орынбасарқызы пәндер саны да өзгермегендігін, бірақ «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша тест тапсырмаларының санына өзгерістер енгізілгенін түсіндірді. Енді «Қазақстан тарихының» бір visually impairedнда 20 тест тапсырмасы болады: бір дұрыс жауапты таңдаумен 10 тапсырма және контекст негізінде 10 тапсырма және бұрын талапкерлер «оқу сауаттылығы» бойынша 20 сұраққа жауап берсе, енді 3 мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы беріледі деді.
Осылайша, Қазақстан тарихы бойынша – 20, оқу сауаттылығы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15 және екі бейінді пән бойынша 35 тапсырма беріледі. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты 4 сағатты (240 минут) құрайды. Айта кетсек, 2022-2023 оқу жылынан бастап UNT бейіндік пәндер комбинацияларының тізбесіне «Информатика» пәні енгізілген, осыған байланысты «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Informationтық технологиялар», «Informationтық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер UNT-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша тапсыратынына тоқталды.