11
қыркүйек
2022
«Менің отбасымның құндылықтары» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.


Мереке қарсаңында 9 сынып жетекшілері: К. Мырзатаева, Ж. Смакова, Ж. Ибраева, Г. Раимованың ұйымдастыруымен
«Менің отбасымның құндылықтары» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті. Кездесу барысында, «Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала» демекші, баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екендігі сөз етіліп, мектеп психологтары Ж. Абдуалы мен Б. Рахманқұлдың ұйымдастыруымен «Ең жақын адам» және «Құрт» тренингтері жүргізілді. Кездесу соңынан бір –біріне ізгі тілектерін «Тілек ағашына» іліп, жағымды көңіл-күймен тарқасты.