10
февраль
2023
ЕНТ-дің штаб отырысы
2023 жылдың 9 февральы күні ЕНТ-дің штаб отырысы өткізіліп, январь айындағы ақылы түрде өткізілген тестілеу қорытындысы мен пән мұғалімдерінің жеке оқушылармен дайындық жұмысы қаралды.
Отырыс барысында пән мұғалімдерімен оқушылардың төмен көрсеткіш көрсетуінің себептері және тоқсанға қойылған бағаның алшақтығы сараланды. Мектеп директоры тарапынан алдағы уақытта аталған оқушылардың ата-аналарымен жеке пән мұғалімдерінің байланысын күшейту туралы тапсырма берілді.