05
октябрь
2020
"ЕНТ-ға дайындық және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу"
2020 жылдың 05 октябрь күні №36 орта мектебінде мектеп инспекторы, полиция капитаны А.Нұрбаеваның қатысуымен 11 сыныптың ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде негізінен: "ЕНТ-ға дайындық және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" мәселелері қаралды. ЕНТ-ге дайындық туралы, мамандық таңдаудағы 5-ші пәннің ерекшелігі туралы мектеп директоры Г.Есеновна түсіндіріп өтті. Ал мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Жапаровпен инспектор А.Нұрбаева "ҚР Конституциясы, ҚР Администрация және Қылмыстық кодексіндегі жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдерінің міндеттері мен жауапкершілігіне қатысты баптары б/ша түсіндіру жұмысын жүргізді.