«Саналы және салауатты ұрпақ – Ел болашағы!»
№ 36 орта мектебінде «Саналы және салауатты
ұрпақ – Ел болашағы!» атты онкүндікте өткізілген
жұмыстарға
Мәлімет
Мақсаты: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау.
Мектебімізде «Саналы және салауатты ұрпақ - Ел болашағы!» атты онкүндікте жоспарға сай бірқатар жұмыстар атқарылды. "Тазалық – денсаулық кепілі" тақырыбында қабырға газеттері шығарылды. 22.11.17ж. күні «Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу» мақсатында Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. «Жарқын болашақ рухани тәрбиеде» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
21.11.17 ж. күні мектепішілік «Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау және оның алдын алу мақсатында жүргізілген мектепішілік рейд туралы» № 314 Бұйрық шығарылып, 1-11 сыныпоқушыларының рейд барысында киім қалталары мен сөмкелерінен адам денсаулығына кері әсер келтретін үшкір-өткір құралдары мен бас айналдыратын зиянды заттардың(электронды кальян, желім және т.б.) болмау мақсатында тексерілді. Ешқандай үшкір-өткір зат анықталған жоқ. 27.11.17 ж. күні № 1 мобильдік топ жетекшісі И.К.Саттибаеваның қатысуымен 7 "В" сыныбында «Қылмыс пен заң» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Мектеп психологтары «Зиянды заттардың алдын алу» мақсатында 5-11 сынып оқушылар арасында сауалнама алынды. «Зиянды заттардың зардабы мен құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында ЖОНД маманы М.Умбетиярова «Сені сындырмай тұрғанда темекіні сындыр» тақырыбында дәріс оқыды. 5-11 сынып арасында «Салауатты ұрпақ - ел болашағы» тақырыбында эссе жазылды. 9 «Ә» сынып оқушысы Алсай Әсет пен 11 «Ә» сынып оқушысы Алымқұлова Жанар, 11 «А» сынып оқушысы Жеңіс Айымның жұмыстары үздік деп танылды.
28.11.17ж. күні «Салауатты өмірді қолдаймыз!» атты форум өткізілді.
5-11 сынып оқушыларына лездеме мектептің спорт залында өткізілді. Мектеп директоры Е.Қ.Абумаликов «Салауатты өмірді қолдаймыз!» атты форумның ашылуын жариялап, алғы сөз сөйледі. ДҚТІЖО Г.А.Жапарқұлова «Салауатты өмір салтымен өмір сүрейік» атты баяндама жасады. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ж.Қ.Аубакиров «Ұлан» ұлдар клубының мүшелерімен «Қоян қолтық» айқасын көрсетті. «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелері флэшмоб биледі. 10 «Ә» сынып оқушысы А.Айдосқызы "Дені саудың- тәні сау" тақырыбында баяндама жасады.
Мектебіміздің дене шынықтыру бірлестігі «Спорт - біздің серігіміз» тақырыбында әр параллель сыныптарда спорттық іс шаралар өткізді.
Сондай-ақ 5-11 сынып оқушылары арасында зиянды заттардың алдын алу және оны анықтау мақсатында сауалнама алынды. 3.11.17ж. күні «Спорт- біздің серігіміз» атты жалпы мектепішілік спорттық жаттығу жүргізілді. Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында «Көше, мектеп, аула» атты рейдтік іс шаралар жүргізілді.