28
октябрь
2021
«Қыз бала –ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында сырласу кешін өткізді.
"Алып анадан туады» демекші, дана халқымыз ежелден «Анаға» аса ерекше құрмет көрсеткен. Осы мақсатта қаламыздағы облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен бой көтерген «Анаға тағзым» орталығына 8 сынып білім алушылары саяхат жасап, «Қыз бала –ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында сырласу кешін өткізді.
Бүгінгі бойжеткендер – ертеңгі отаналары, ошақ отын жағып, отбасылық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізушілер. Осыған байланысты, кеш барысында қыздарымызға қазақ халқының дәстүрлері жайлы білімдерін арттыру мен қалыптастыру, жас қыздардың қазақтың әдеп-ғұрпын, өз елінің тарихына деген құрметін тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу насихатталды. Кеш соңынан орталық ұжымына жылы лебіздерін білдіріп, тамаша көңіл-күймен тарқасты.