22
март
2021
"Ұлы даланың қолөнері" тақырыбындағы мектеп фойесінде қолөнер көрмесі
22 март - "Ұлыстың Ұлы күні Март!" мейрамына орай сынып жетекшілер мен өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ұлы даланың қолөнері" тақырыбында мектеп фойесінде қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларды ұлттық қолөнерді дәріптеу, ісмерлікке, еңбекке баулу, ұқыптылыққа,шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында көрме бірнеше бөлімдерден :
I бөлім. Қазақ халқының тұрмыстық құралдары: келі мен келісап, тас диірмен, күбі мен піспек, бесік, ертоқым, қамшы т.б.
II бөлім. Қазақ халқының тарихи көне ғимараттарының макеттері: Айша бибі кесенесі, Қарахан баба кесенесі.
Қазіргі архитектуралық ғимараттар: Тараз-Арена, Арай-Плаза бизнес орталығы, Орталық мешіт.
III бөлім. Қазақ халқының ұсталарының қолөнері: домбыра / бірнеше макеті, т.б.
IV бөлім. Қазақ халқының ісмер шеберлерінің өнер туындылары: ұлттық киімдері, түскиіз / макеті, түрлі қолтық жастықша, көрпеше т.б.
Мектеп фойесіндегі көрмені оқушылар тамашалап, өз халқының тарихы мен салт - дәстүрлерін тани түсті.