11
март
2019
Темекіге,нашақорлыққа, ішімдікке қарсы күрес
18.02.19 - 22.02.19 ж. аралығында "Денсаулық - зор байлық" нашақорлыққа, ішімдікке, темекіге қарсы күрес апталығында әр параллель сыныптарда денсаулық бұрышы ұйымдастырылды. "Салауатты өмір салтын ұстанамыз!" атты сурет байқауында оқушылар жұмыстарын көрсете біліп, ат салысты. "Салауатты -өмір салтын қалыптастыру - басты парызымыз" тақырыбында ұлдар жиналысында әлемге әйгілі спортшылардың өмірінен слайд-шоу көрсетіліп, насихатталды. 1-2 сыныптар арасында "Деннің саулығы - тәннің саулығы"медицина қызметкерімен кездесу өтті. 3-4 сыныптар арасында "Мен салауатты өмір салтын ұстанамын!" атты спорттық жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.