2024 жылдың ҰБТ жаңалықтарымен таныстыру » СШ №36
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№36 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-93-83
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-93-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024 жылдың ҰБТ жаңалықтарымен таныстыру
11
қараша
2023

2024 жылдың ҰБТ жаңалықтарымен таныстыру


Ағымдағы жылдың 10 қараша күні 11 сынып оқушыларына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Мухамедкулова Ұлттық тестілеу орталығының Жамбыл облысы бойынша базалық филиалының директоры Ізтұяaқ Жамбыл Алпысбайұлымен семинар ұйымдастырды. Семинар барысында Ж.Алпысбайұлы 2024 жылдың ҰБТ жаңалықтарымен таныстырды. 2024 жылы ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгермейді: әдеттегідей үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда міндетті "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтары, керісінше, артады  40 тапсырмадан тұрады: бейіндік пәндер бойынша сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады. Осылайша ҰБТ-ның жалпы тапсырмалар саны – 120 сұрақ өзгеріссіз қалады: Қазақстан тарихынан – 20 тапсырма;Оқу сауаттылығынан – 10 тапсырма; Математикалық сауаттылықтан – 10 тапсырма;екі бейіндік пәннен – әрқайсысы 40 тапсырмадан. Жоғары балл да өзгермейді – 140.

2024 жылы екі міндетті пән бойынша шекті балл төмендейді: Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3; Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3; Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5; Бірінші бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5; Екінші бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5. Айта кетері, бұған дейін ҰБТ-ның барлық пәні бойынша шекті балл 5 болған еді.

2024 жылғы ҰБТ-ның тағы бір жаңашылдығы – тестілеу уақыты қысқарады. Енді ҰБТ тапсыру үшін түлектерге 3 сағат 30 минут (210 минут) беріледі. Бұрын тестілеу уақыты 4 сағатты (240 минут) құрайтын. 2024 жылдан бастап ҰБТ-да шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлерге тағы бір міндетті пән қосылады. Енді олар "Қазақстан тарихы" мен "Оқу сауаттылығы" пәндерімен қатар "Математикалық сауаттылықтан" да тест тапсыратындығын хабарлады. 

Өз кезегінде оқушыларымыз келген маманнан көкейінде жүрген сұрақтарға жауабын алды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив