Іс-шаралар » Страница 26 » СШ №36
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№36 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-93-83
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-93-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 26
“Жолда жүру тәртібі мен жол белгілері” атты оқыту жаттығу жұмыстары
24
желтоқсан
2021
“Жолда жүру тәртібі мен жол белгілері” атты оқыту жаттығу жұмыстары
2021 жылдың 24 желтоқсанында "Жас Ұлан"  жас инспекторлар тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін қалыптастыру, көшеде жүру ережесімен таныстыра отырып, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу мақсатында “Жолда жүру тәртібі мен жол белгілері” атты оқыту жаттығу жұмыстары жүргізілді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=451663183215888&id=100051166290256&sfnsn=mo
«Ата-ана – ұлттың ұясы» тақырыбында «Баласағұн» мәдениет сарайында оңтүстік аймақтық ата-аналар форумы
21
желтоқсан
2021
«Ата-ана – ұлттың ұясы» тақырыбында «Баласағұн» мәдениет сарайында
2021 жылы 18 желтоқсан күні баланың кемел адам болып қалыптасуында ата-ана рөлінің маңыздылығына назар аударту және педагог мәртебесін насихаттау. Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімі мен біліктілігін арттырып, бағыт-бағдар беру мақсатында «Ата-ана – ұлттың ұясы» тақырыбында «Баласағұн» мәдениет сарайында оңтүстік аймақтық ата-аналар форумында  мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы Аптауова Арайлым Жорабекқызы Алғыс Хатпен марапатталды.
"Эко стильде өмір сүр" атты акциясы
21
желтоқсан
2021
"Эко стильде өмір сүр" атты акциясы
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен Республикалық "Эко стильде өмір сүр" атты акциясы аясында экологияны жақсартуға тигізіп жатқан экологиялық ұстанымдарын көрсету, яғни эко- шоперді қолдану, эко- бутылкамен су ішу, бір реттік қолдануға арналған құралдарды көп реттік құралдарға ауыстыруға байланысты қысқа метражды бейнеролик түсірілді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=449770056738534&id=100051166290256&sfnsn=mo
Ата-аналар форумы
18
желтоқсан
2021
Ата-аналар форумы
🔰2021 жылы 18 желтоқсан күні баланың кемел адам болып қалыптасуында ата-ана рөлінің маңыздылығына назар аударту және педагог мәртебесін насихаттау. Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімі мен біліктілігін арттырып, бағыт-бағдар беру мақсатында «Ата-ана – ұлттың ұясы» тақырыбында «Баласағұн» мәдениет сарайында оңтүстік аймақтық ата-аналар форумында мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы Аптауова Арайлым Жорабекқызы Алғыс Хатпен марапатталды.
“Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына 10 жыл толуына орай өткізілген “Біз - тәуелсіз елдің ұланымыз”  атты салтанатты жиыны
16
желтоқсан
2021
“Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына 10 жыл толуына орай
15 желтоқсан күні мектебімізде “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы” сонымен қатар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен құрылған Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына 10 жыл толуына орай,  өскелең ұрпақтың өз халқын,мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге,  білімге өзін- өзі жетілдіруге деген үздіксіз ұмтылысқа, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жоғарғы сезіммен үйлесімділікке тәрбиелеу мақсатында  2-7 сынып оқушыларын ”Жас
Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай 6 сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламасы
16
желтоқсан
2021
Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай 6 сынып оқушыларының
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай еліміздің жеткен жетістіктерін насихаттау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу мақсатында 6 сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=446307850418088&id=100051166290256&sfnsn=mo
«Желтоқсан қаһармандары" тақырыбында әдеби-монтаж
16
желтоқсан
2021
«Желтоқсан қаһармандары" тақырыбында әдеби-монтаж
Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай 6 сынып оқушыларының арасында Тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға,  елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге, оқушылардың  ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлең-жырларды мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу мақсатында «Желтоқсан қаһармандары" тақырыбында әдеби-монтаж көрсетілді. Жетекшісі Ж. Ахжигитова
Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай 1-11 сыныптар аралығында біріңғай сынып сағаттары өтілді
16
желтоқсан
2021
Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай
азақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай 1-11 сыныптар аралығында Желтоқсан көтерілісінің сипатын түсіндіріп, тарихи оқиға құрбандарын мәңгі есте сақтау, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу, бойларына адамгершілік ізгілік қаситтерін дамыту. Туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында мектебімізде біріңғай сынып сағаттары өтілді. Қамтылған бала саны: 976 оқушы.
Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында Желтоқсан көтерілісінің куәгерімен дөңгелек үстел
16
желтоқсан
2021
Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында Желтоқсан
Желтоқсан оқиғасының аяқталғанына 35 жыл және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай 9 «В» сынып оқушыларының бойындағы патриоттық сезімдерін ояту, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру мақсатында Желтоқсан көтерілісінің куәгері болған және мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маткалыков Қайрат  Джабайділдаұлымен дөңгелек үстелде кездесу өтті.
"Желтоқсан жаңғырығы" тақырыбында кітап көрмесі
13
желтоқсан
2021
"Желтоқсан жаңғырығы" тақырыбында кітап көрмесі
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге , қадірлеуге , өз    елінің  ұлт жанды патриоты болуға баулу мақсатында кітапханада "Желтоқсан жаңғырығы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. ​https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=444771693905037&id=100051166290256&sfnsn=mo​​​