16
желтоқсан
2021
“Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына 10 жыл толуына орай өткізілген “Біз - тәуелсіз елдің ұланымыз” атты салтанатты жиыны
15 желтоқсан күні мектебімізде “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы” сонымен қатар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен құрылған Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына 10 жыл толуына орай, өскелең ұрпақтың өз халқын,мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге, білімге өзін- өзі жетілдіруге деген үздіксіз ұмтылысқа, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жоғарғы сезіммен үйлесімділікке тәрбиелеу мақсатында 2-7 сынып оқушыларын ”Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты іс -шарасы өткізілді. Жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар қатысты. “Біз - тәуелсіз елдің ұланымыз” атты салтанатты жиынында “Жас Ұлан” ұйымына 15 оқушы, “Жас Қыран” ұйымына 25 оқушы қабылданды. Оқушылар ант қабылдап, оларға ұйымның галстугі мен төсбелгілері табысталды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=446327800416093&id=100051166290256&sfnsn=mo