11
қараша
2021
2020-2021 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінің қорытындысы бойынша қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында есеп берді.
11.2021 ж. күні мектеп директоры Г.Е. Абдрешева қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында 2020-2021 оқу жылының оқу - тәрбие үрдісінің қорытындысы бойынша есеп берді. Есеп беру барысында мектеп оқушыларының білім сапасы, ҰБТ көрсеткіштері, педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы, ұстаздардың кәсіби байқауларында жеткен жетістіктері, дарынды оқушылармен жұмыс, ғылыми жоба, пәндік олимпиада жетістіктері, мектептегі үйірмелердің жұмысы, құқық бұзушылықтың алдын - алу бойынша және атқарылған әлеуметтік жұмыстар, мектеп ауласындағы көгалдандыру жұмыстары бойынша айтылып өтті. Өткен оқу жылындағы олқылықтарды ескере отырып, жаңа 2021-2022 оқу жылына қойылған мақсат – міндеттерді, білім алушылар үшін маңызды жоба жайында, мектеп асханасының күрделі жөндеуден өткені, мектеп кітапханасындағы жаңартылар мен мектеп фойесінде іске қосылған киім ілгіш /гардероб/ т.б атап өтті. Есеп соңынан қамқоршылық кеңес төрайымы Чинара Кенжебековна мектеп директорына атқарған істеріне жылы лебіздерін білдірді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=425731575809049&id=100051166290256&sfnsn=mo
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=425731575809049&id=100051166290256&sfnsn=mo