Ата-аналар алдында есеп беру » СШ №36
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№36 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-93-83
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-93-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналар алдында есеп беру
18
сәуір
2019

Ата-аналар алдында есеп беру

№36 орта мектебінің мектеп инспекторы полиция лейтенанты Нұржауова Арайлымның қамқоршылық кеңес алдында 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы наурыз айына берген есебі туралы
МӘЛІМЕТ

Мектеп инспекторы: Тараз қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция лейтенанты Нұржауова Арайлым Рүстемқызы
Мектеп инспекторының есеп беру мерзімі:
10.04. 2019 жыл. Сағат -10:00.

10.04.2019 жылы №36 орта мектебінде мектеп инспекторы полиция лейтенанты Нұржауова Арайлым қамқоршылық кеңес алдында 2018-2019 оқу жылындағы наурыз айында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Есепке 3 қамқоршылық кеңестің және 3 мобильдік топ мүшелері мен ата-аналар қатысты. Мектеп инспекторы қазіргі таңда есепте тұрған жасөспірімдермен жасалып жатқан психологиялық және профилактикалық жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстар, яғни көбіне психологиялық, физикалық күш көрсету, бопсалау, әлімжеттік соңы өз-өзіне қол жұмсауға дейін алып баруы мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, жолда жүру қауіпсіздігін балаларының санасына жиі сіңіріп жүру керектігі, демалыс күндеріндегі олардың қауіпсіздігіне аса мән беру керектігі ескертілді.
Қамқоршылық кеңестің мүшелері мен ата-аналар мектеп инспекторының есебіне жақсы бағасын берді.
Осы уақытқа дейін мектеп оқушылары арасында түрлі профилактикалық іс-шараларлың нәтижесінде есепте тұрған оқушылардың өздерімен және олардың ата-аналарымен әңгімелесулер жүргізілген болатын. Ата-аналарының және мектептің назарында болғандықтан оқушылар теріс әрекеттерін тыя бастап, қалыпты жағдайға келді. Олармен жұмыс ары қарай да жалғасын табатын болады. Жиналысқа келген ата-аналар мен қамқоршылық кеңестің мүшелері есеп беру аяқталған соң өз ойларын ортаға салды.

Қамқоршылық кеңес төрайымы М.Куптлеуова
Қамқоршылық кеңес хатшысы Ж.Оспанова



[center][center]Ата-аналар алдында есеп беру
[/center]

[/center]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив