28
қазан
2021
«Қыз бала –ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында сырласу кешін өткізді.

Бүгінгі бойжеткендер – ертеңгі отаналары, ошақ отын жағып, отбасылық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізушілер. Осыған байланысты, кеш барысында қыздарымызға қазақ халқының дәстүрлері жайлы білімдерін арттыру мен қалыптастыру, жас қыздардың қазақтың әдеп-ғұрпын, өз елінің тарихына деген құрметін тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу насихатталды. Кеш соңынан орталық ұжымына жылы лебіздерін білдіріп, тамаша көңіл-күймен тарқасты.