22
наурыз
2021
"Ұлы даланың қолөнері" тақырыбындағы мектеп фойесінде қолөнер көрмесі

I бөлім. Қазақ халқының тұрмыстық құралдары: келі мен келісап, тас диірмен, күбі мен піспек, бесік, ертоқым, қамшы т.б.
II бөлім. Қазақ халқының тарихи көне ғимараттарының макеттері: Айша бибі кесенесі, Қарахан баба кесенесі.
Қазіргі архитектуралық ғимараттар: Тараз-Арена, Арай-Плаза бизнес орталығы, Орталық мешіт.
III бөлім. Қазақ халқының ұсталарының қолөнері: домбыра / бірнеше макеті, т.б.
IV бөлім. Қазақ халқының ісмер шеберлерінің өнер туындылары: ұлттық киімдері, түскиіз / макеті, түрлі қолтық жастықша, көрпеше т.б.
Мектеп фойесіндегі көрмені оқушылар тамашалап, өз халқының тарихы мен салт - дәстүрлерін тани түсті.


