25
қыркүйек
2026
"Мектеп асханасындағы бір реттік ыстық тамақты бақылау"

2026 жылдың қыркүйек айында бракераждық комиссия мүшелері — директордың құқық жөніндегі орынбасары Н.Т. Жапаров, әлеуметтік педагог Г.Т. Мамбешова және мектеп медбикесі Г. Испанова асханадағы ыстық тамақ ішетін оқушылардың тамақтарына бақылау жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысының мақсаты:
🔹Оқушыларға ұсынылатын ыстық тағамдардың сапасы мен дайындалу барысы;
🔹Асхана мен тағам әзірлейтін блоктың санитарлық-гигиеналық жағдайы;
🔹Азық-түлік өнімдерінің сақталу мерзімдері мен аспаздардың арнайы киім үлгісі талапқа сай екендігі қадағаланды.
✅ Мектеп асханасында дайындалатын және сатылатын өнімдердің ас мәзірі күнделікті ілініп тұратындығы атап өтілді; ✅ Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай.