Тренинг: «Арманға жету жолдары»
Тренинг: «Арманға жету жолдары»
2023 жылдың 10 сәуір күні мектеп психологы Б.Т.Рахманқұл 11-сынып оқушыларымен «Арманға жету жолдары» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын, болашаққа деген үміттерін арттыру арқылы жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.
Тренинг барысында гугл формасы арқылы оқушыларға ссылка беріліп, көңіл-күйлерінің қандай екенін білді. Сонымен қатар «Армандар аралында» жаттығуы арқылы 1,5 минут көздері жұмулы күйде, әр оқушы өз арманын ойша талдап шықты, «Арманда» атты 3 минуттық мотивациялық видео көрсетілді. «Менің арманымдағы үй» релаксациялық музыка арқылы жаттығу жасалды. Тренинг соңында оқушыларға QR код таратылып, жақсы тілектер тіледі. Обратная связь жасалды.