Жолдау
Хаттама
Барлығы -85 10.01.2018ж.
Қатысқаны - 70
Күн тәртібінде
1. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел жүргізілді. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.
Тыңдалды:
1. Директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары: Б.Е.Маткаримова жолдаудың мақсаты мен міндетін түсіндіріп өтті.
2. Кіріспе бөлімі бойынша мектеп педагог-психологы: Н.Х.Сейсенбаева кіріспе бөліміне тоқталып өтті.
Сыни тұрғыда ой қозғау:
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салаларындағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып отыр.
1. Абдибекова Майра орыс тілі пәнінің мұғалімі Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс.
Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет.
Бұлар, бірінші кезекте, технологиялардың трансфертін ынталандыруға тиіс.
2. Ибраева Жанна қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады.
Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек.
3. Мағлумбекқызы Фарида хореграфия пәнінің мұғалімі «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.
Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік.
Оны мақтан тұавгуст. Алайда, қазір ол жеткіліксіз.
Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет.
4. Кульбаева Гүльдариға МАД пәнінің мұғалімі Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты.
Тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын домжинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде.
Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады.
Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек.
5. Инкарбаева Айжарқын Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді.
Бұл туралы көп айтылды.
Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтады.
Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр.
Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді.
6. Харашев Ардақ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
Банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажет.
Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс.
Акционерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиіс.
Ұлттық Банк мұндай істерге немқұрайлы қарамау керек.
Әйтпесе, мұндай мемлекеттік органның не керегі бар?
Ұлттық Банк тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалау қатаң, уақтылы әрі нәтижеліболуға тиіс.
7. Ахметова Эльмира Бастауыш пәнінің мұғалімі Адами капитал – жаңғыру негізі.
Білім берудің жаңа сапасы.
Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.
Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.
2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.
Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.
Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.
Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады.
Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет.
Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек.
Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты.
8. Кемалова Лайла ағылшын пәнің мұғалімі Тиімді мемлекеттік басқару.
Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.
Осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдауды жылдамдату керек.
«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландырудықамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек.
Олар үшін және энергия өндірушілер үшін инвестициялық бағдарламаларын ескеріп, негізделген тарифтерді белгілеу маңызды.
9. Уристембекова Кулжамилая тарих пәнінің мұғалімі Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.
Көп жұмыс істеліп жатыр.
Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды.
Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді.
Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады.
Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.
Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда.
Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді.
Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді.
Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет.
10. Жас мамандар Сауатбек Таңшолпан бастауыш пәнінің маұғалімі «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.
Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз.
Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады.
«Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет.
Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты.
Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды.
Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек.
Шешім қабылданды:
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы насихатталсын.