23
сәуір
2020
Методическая работа
Жалпы білім берушілер үшін қашықтықтан оқыту әдісі қиындау көрінді. Жалпы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері болған соң, қиналдық, қорықтық. Себебі, қашықтықтан оқыту қалай болады деген ой болды, қиын секілді көрінді. Балалар үнемі қасымызда емес, оларға барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау керек деген сұрақ болды. Алайда, бұл тек қорқынышымыз екен. Сабақ басталысымен үлкен жауапкершілікпен дайындалдық, жан-жақты ізденіс жасадық, түрлі порталдардан түрлі бейне материал, бейнетаспалар, көрсетілімдер дайындап, сөйтіп оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін үнемі ізденісте жүрміз. Қазіргі кезде балалар жақсы қабылдап, түсініп, кері байланыс беруде. Бұл күндер әлі-ақ артта қалады. Барлық әріптестерімізге шығармашылық табыс, сабырлық тілейміз. Басымыз аман болсын! Біз біргеміз!
№36 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мұғалімдері
№36 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мұғалімдері