17
июнь
2021
Бітіруші түлектерге арналған аттестат тапсыру іс-шарасы
№36 орта мектебінде бүгін 14 июнь күні бітіруші түлектерге аттестат тапсыру І- ІІ ауысымда барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып салтанатты түрде өткізілді. Салтанатты іс-шарадан соң түлектеріміз «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрін жалғастыру ж/е қайырымдылық жасау мақсатында яғни адамдардың бір-біріне деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын ұстана отырып Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлімше меңгерушісі Ж.Ж.Жолдыбаевамен бірге жасынан мүгедек балалар тәрбиелеп отырған екі отбасына барып балаларға сыйлықтар мен азық -түлектер таратып қуантып қайтты.Балаларының қайырымдылық жасауына қолдау көрсеткен ата-аналарымызға мың 🙏🏻🙏🏻 Баршамызға иманды, мейірімді, қайырымды балалардан нәсіп етсін🤲🏻