05
сентябрь
2019
"Адалдық сабақтары"
2019 жылдың 2 қыркүйегінде
өтілген ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ
«АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» туралы
мәлімет.
2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Противодействие коррупции Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен № 36 орта мектебінде 1-11 сыныптарында ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «Адалдық сабақтары» өтілді.
Мақсаты: Жалпы адамгершілік және құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.
«Адалдық сабақтарын» өту барысында барлық сыныптар әдістемелік нұсқауға сүйене отырып, /Н.Назарбаев, 2018жылғы 5 октябрьдағы жолдауынан/, /Қ. Тоқаев, Сайлауалды бағдарламасынан/ тоқталып өтілді. Сонымен қатар, 5 «Б» сынып, сынып жетекшісі Нұрмағамбетова А, «Адалдық сағаттарын» сынып сағатында 4 негізгі құндылық: АДАЛДЫҚ, ПАРАСАТТЫЛЫҚ, ӘДІЛДІК, СЕНІМ, «Даланың алғашқы заңдары»: Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысына» тоқталып өтті. 10 «А», 11 «Ә» сыныптары, сынып жетекшісі Ыбышева Р, Ахжигитова Ж. «Адалдық сабақтарына» мектеп директорының міндетін атқарушы Түйтебаева Алмагүл Орынбаевна және Бухарбеков Ғазиз Сайлауович қатысып, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ, стратегияның мақсаты, Қылмыстар бойынша 2019 жылдың Республика бойынша, Облыс бойынша статистикамен таныстырып, жоғарғы сынып оқушыларымен пікір алмасты. Мектебімізде жұмыс жасап отырған «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері өздерінің атқарып жатқан істері жайлы таныстарып өтті. Ұлы ақын А. Құнанбаевтың, Ш. Құдайбердіұлының «Адалдық» жайлы, Әл-Фараби, Қ.А.Ясауидің «Сенім» жайлы, І. Есенберлин, Б. Момышұлы, М. Жұмабаевтың «Әділдік» туралы айтқан құнды сөздерін негізге ала отырып, сыни тұрғыдан ойлауға , өмірмен байланыстара отырып, іс-шараны өз деңгейінде өте білді.
8-9 сыныптар да тартымды сабақтар өте білді. Сабақтарында Гарвард Университетінің Заң факультетінде ілініп тұрған Қасиетті құранның аяты / ән-Ниса сүресінің , 135 аяты туралы айтылды. Бастауыш сыныптар 1-4 сыныптарда оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мақсатында түрлі мағлұматтар берілді. Атқарылған іс-шараны мектеп директорының міндетін атқарушы Түйтебаева А.О
Қ.А. Ясауидің «Әділ сөйлеп, адал жүр» деген ұлы сөзімен қорытындылай келе, оқушыларға әрдайым адал еңбек етіп, адамгершілік қасиеттерді жоғары тұту қажет екендігін айтып өтті.