30
қаңтар
2025
"Серіктес мектеп" жобасы аясында өткізілген қалалық семинар
Қаңтар айының 29 күні №36 орта мектебінде серіктес мектептер ұстаздары арасында пәндерді оқытуда қолданылатын жаңа платформалар мен құралдарды таныстыру және олардың тиімділігін талқылау өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында "Цифрлық білім беру: математика, информатика пәндерінде қолданылатын жаңа платформалар мен құралдар" тақырыбын №30 Ш.Мұртаза атындағы мектеп- гимназиясы, №48 орта мектебімен бірлескен қалалық семинар өткізілді.
"Серіктес мектеп" жобасы аясында № 30 Ш.Мұртаза атындағы мектеп гимназиясы,№36 орта мектеп, №48 орта мектептер жоспарға сәйкес тәжірибе алмасып, ашық сабақтар, панорамалық сабақ өткізілді,семинарға қалалық білім бөлімінен әдіскер Халымбетова Әсел Айқынбекқызы қатысып,семинарға қатысушылар цифрлық білім беру саласындағы соңғы жаңалықтар мен тенденциялар туралы ақпарат алынып талқыланды.
Сонымен қатар "Мақсатты мектеп" жобасына енген №36және №48 мектептерінің педагогтері іс-шара барасында әдіс-тәсілдер,жаңа заманауи платформалардың тиімділігімен танысты.
Семинар соңында серіктес мектептер өз арасында іс-тәжірибелерімен бөлісті.