18
мамыр
2020
"Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" тақырыбындағы "Адалдық сағаты"
Мен бүгінгі өткен "Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" тақырыбындағы "Адалдық сағатынан" өзім білмеген,жаңа құнды ақпараттарды меңгердім.Қарап отырсақ,қазақ халқының Абай атамыздан үйренері көп екен.Оның әрбір сөзі,әрбір өлеңі адам жанын тебірентпей қоймайды.Абай атамыздың өлеңін білмейтін қазақ жоқ шығар?! Мен осы "Адалдық сағатынан" соң міндетті түрде Абай атамыздың қара сөздерін оқып,өлеңдерін жаттап,тарихын тереңдете меңгеріп,бойыма оның жақсы жақтарын сіңіруге тырысамын.Бұндай жақсы сөздер мен қасиеттерді тек оқушылар ғана емес,ересектердің де білгені жөн.Ұлы Абай атамыздың туындылары болашақ ұрпақ пен қазіргі жастарға үшін нағыз үлгі-өнеге! 7"ә" сынып оқушысы: Измуханова Лаура.