02
мамыр
2019
1 мамыр-Халықтар Достығы күні.
2019 жылдың 30сәуірі күні 1 мамыр-Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай 1 «В» сыныбы, сынып жетекшісі Ахметова Э.Т «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатын өтті. Ашық тәрбие сағатына сыныптағы оқушылардың аналары белсене қатысты. Мақсаты: Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.Өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Ана мен қыз арасындағы қазақи әдет-ғұрыптарды тәрбиелеу. Қамтылған оқушы саны-22, аналар саны -12.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ботамкулова А.Б
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ботамкулова А.Б